АКС на казахском

2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын өткізу форматы

Құрметті АБК білім алушылары!

2021-2022 оқу жылының қысқы емтихан сессиясын өткізу форматы туралы хабарлаймыз. Бекітілген емтихан кестесімен келесі аптада Сайтта және білім беру порталында таныса аласыз. Емтихандар 13.12.2021 жылдан 29.12.2021 жылға дейін өтеді.
Емтихан басталғанға дейін жаңадан келген білім алушылар үшін деканаттар/директораттар байқау тестілеуін өткізуді ұйымдастырады, эдвайзерлермен және кураторлармен байланыста болыңыз!

Барлықтарыңызға сессияны сәтті тапсырып, демалыстарыңызды тамаша өткізулеріңізге тілектеспіз!